Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)
Кітабын жарыққа шығарған Баян Есентаева тағы бір блогерге ағынан жарылып сұхбат берді. Ол қоғамда өзекті мәселеге айналған тоқал тақырыбы туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, болашақта өз қыздары қытайға тұрмысқа шықса да қарсы еместігін мәлімдеді.
Бұл туралы продюсер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Мақсатқызы бұл өмірде ешкіммен жауласпайтынын, алайда өзін жау көретін адамдардың бар екенін тілге тиек етті. Продюсердің айтуынша, ол ақылды, талантты, танымал әрі сұлу болғандықтан да, беделді ер адамдар оның артынан жүгіреді екен. Алайда:
“Маған ешкімнің күйеуі керек емес. Керісінше менің артымнан әйелі бар азаматтар жүгіреді. Әрі бұл көп жылдан бері жалғасып келеді. Сондықтан әйелдер қауымы, уайымдамаңыздар, маған сіздердің күйеулеріңіз керек емес”, – деп мәлімдеді Мақсатқызы.
Бұдан бөлек, продюсер адамның сүю және сүйікті болу үшін жаралғанын айта келе, өз қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы еместігін жеткізді.
“Егер қызым қытайды, немісті, французды немесе қазақты жақсы көріп қалса, мен махаббатты қолдаймын. Өйткені адам баласы сүю үшін және өзгенің сүйіктісі болу үшін жаралған”, – деді ол ағынан жарылып.
Продюсер біздің қоғамда тоқал алу қалыпты жағдайға айналғанын айта келе, қанша ақша берсе де біреудің тоқалы болуға келіспейтінін мәлімдеді.
“Бізде тоқалдар көп. Әрі көпшілік ол әйелдің беделді бір адамның екінші әйелі екенін, тіпті алғашқы әйелінің бұдан хабарсыз екенін біле тұра, оны құрметтейді. Ол біздің қоғамда қалыпты жағдайға айналған. Бірақ өз басым қанша ақша ұсынса да, тоқал болуға келіспес едім”, – дейді Баян Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым
Жұрт Сәкен Майғазиевтің 7 жыл бұрынғы суретін көріп қатты таңқалды (фото)
Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым