Баян Есентаева: Арманымдағы ер адамымды кездестірдім
Үндістан еліне толық медициналық тексерістен өтіп, денсаулығын нығайту үшін барған танымал продюсер Баян Есентаева арманындағы ер адамын кездестіргенін мәлімдеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Арманымдағы ер адамды кездестірдім», – деп жазды ол үндіс жігітімен түскен суретінің астына.
Есентаеваның әзіл-қалжыңы аралас бұл жазбасына көпшілік илана қоймады. Желі қолданушыларының көпшілігі оның зілсіз әзіліне «кешіріммен» қарап, тез сауығып кетуін, жаңа жобаларды дүниеге әкелуін тіледі. Кейбіреулер Есентаеваның салмақ тастағанын айтып, сүйікті продюсерлері үшін алаңдады. Ал енді біреулер оны үндіс жігітін «таңдағаны» үшін сынады. Келесілер Есентаеваның күлімсіреген жүзіне тәнті болып: «Әрдайым осылай күліп жүріңіз», «Әзілдеуге күшіңіз табылса, демек сіз жазылып келесіз. Осы қалпыңыздан таймаңыз», – деп пікір білдірген.
Ал продюсердің сіңлісі Бағым Мұхитденова өз жазбасында: «Сенен асқан мықты, сенен асқан мейрімді жанды білмеймін! Ең күшті, дара! Денсаулығыңды күт, емдел, ал бүкіл әлем сені күтсін, басқасы маңызды емес», – деді.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева жұрт алдына көзілдіріксіз шықты (фото)
Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады
Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті