Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді
Күні кеше Алматы қаласында Төреғали Төреәлінің “Қазақ қызға үйленем” атты жеке ән кеші өткен-ді. Алайда бұл кешке Баян Есентаева мен Ерке Есмахан келмеген.
Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/
Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.
Төреғали тіпті “Алло” әнін орындау үшін Қырғызстан әншісін шақырған. Ал концертке келмеуінің себебін Баян ханым өзі түсіндірді.
“Біріншіден, мені шақырған жоқ. Екіншіден, мен де ешкімді шақырған жоқпын. Үшіншіден, мен өзімнің позициямның қандай болатынын айттым. Арамызда не себепті түсініспеушілік болғанын жіпке тіздім. Ал “Алло” әні екі тарапқа да тиесілі болғандықтан, оның табысын екіге бөлеміз”, – дейді Есентаева.
Әзірге бұл әнді Төреғалидің концертіне шақырту алған қырғызстандық Нарғыз Әйтемірова орындап жүр. Ол бұл әнді өз елінде Жақуат Сыдықов есімді азаматпен бірігіп айтып жүрген-ді.
“Бұл әнді бірге орындауды Жақуат Сыдықов ұсынды. Ол кезде бұл әннің дүркіреп тұрған шағы. Мұнымен қатар, Қазақстанда да хит болып жатқанын жақсы білемін”, – дейді Әйтемірова.
Чип-Чип”, “Аспанға қараймын” сынды хит әндердің орнын басып, елдің сүйікті әніне айналған “Алло”, “Бол жанымда” әндерін тыңдау үшін Төреғалиді тек еліміз ғана емес, сондай-ақ алыс жақын Қытай, Монғолия, Қырғызстан сынды елдер де жиі шақыртатын болыпты. Жаздан бастап әнші сол елдерге гәстрөлге шықпақ.
Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді
Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)
Төреғали “Алло” әнін қырғыз әншісімен орындап жұртты таң қалдырды