Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды

Баян Есентаева үлкен қызы Айсәуленің өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды. Танымал продюсер елдің сынына жиі ұшырайтын қызының жақсы қасиеттерін атады.

есентаева 110517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Менің кішкентайым! Қырсық, ақылды, жасына қарамастан дана, кейде ерке, ізденімпаз, әркез дамығанды ұнататын қызым. Бір жылдан бері өздігінен күн көріп келеді, одан: “Мам, карточкаға ақша сала салшы”, дегенді естімегелі көп болды”, – деп жазды Есентаева.

Желідегілер продюсер аталған жазбасына түрлі пікірлерін білдірді. Көпшілік Айсәулені анасына салмақ салмайтыны үшін мақтап жатты.

“Жарайсың”, “Алла өмірде мол бақытқа кенелтсін”, “Әдемі, өте ақылды қыз”, “Пысық”, “Ол әлі жас қой, бәріне де үйренеді”, “Қандай жақсы, күндердің күнінде мен де сіз сияқты қыздарымның жетістігіне қуанып отырсам екен”, – дейді желідегілер.

баян айсауле 110517

Жіберіп алмаңыз:

Дубай төрінде қазақша ән айтқан Жорабаева сын айтқыштарға ашуланып кетті (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек: Бар болғаны Айсәулемін, басқа ешкім емеспін

Әкесі: Димаштың жұрт білмейтін 20 шақты әні бар

Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)

Талқылау