Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова “жасына сай киінбейді” деп сынағандарға жауап берді

Баян Алагөзованы сән мен сұлулыққа жаны құмар жандардың үлгі тұтатыны белгілі. Себебі шоу-бизнестегі азулы продюсер қашан да мінсіз киінуге тырысады, сырт келбетін қатты күтеді. Оның еліміздегі ең үздік дизайнерлердің киімін киетіні айтпаса да түсінікті, деп жазады Stan.kz.

Алайда әр адам өз жасына сай киінуі керек деген қоғам өкілдері Алагөзованы үнемі сын садағына алады. Мақсатқызының сынаушыларға берер жауабы дайын.

“Маған “жасыңызға сай киінбейсіз” деп жиі жазады. Жауап берейін: мен ешқашан жасымды жасырған емеспін, 44-темін, жас көрінуге талпынудың да еш себебі жоқ. Онсыз да жаспын, күшім көп. Өзімнен жас адамдарға қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істеймін, оған қиналмаймын, себебі жұмысымды жақсы көремін. Ал енді сыртқы келбетке келсек, әр кез баратын жеріме және талапқа сай, ең бастысы ыңғайлы киінуге тырысамын. Орынсыз киіну деген түсінік мен туралы емес.

Өкініштісі, көпшілік жасың 40-тан асса, соған сай киіну керек деп есептейді. Кешіріңіздер, мен ондайды түсінбейді екенмін. Пішіні жоқ, дене сымбатын жасырып тұратын сұр түсті көйлек, ал баста орамал? Онда сен қоғамның талабына әрі жасына ғана сай киінетін әйелсің. Сандырақ, қиял. Қатардағы масса болғың келсе, мархабат, тыныш қана отыр. Бірақ бұл мен туралы емес, сән – ол маған жарасатын нәрсе. Стиль шектеумен емес, ақылмен келеді. Тағы қайталап айтамын, 44 – нағыз құлпырып келе жатқан әйелдің жасы. Әсіресе, егер де әлі артық салмақ жинап, өткен күндердің ауырлығын сезінбейтін болсаң. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдызға ұқсайды: Айдарбекованың жас кездегі суреті желіде қызу талқыға түсті

Серік Ибрагимовтің әнін қырғыздар қолды қылды

Ұл сыйлаған жарына отандық кәсіпкер қымбат көлік мінгізді

Төреғалидің шынайы тегі белгілі болды

Талқылау