Баян Алагөзова қайын атасын сотқа бергендерге: Сіздің тәрбиеңіз үшін мен ұялып тұрмын
Күні кеше Тұрсынғали Алагөзовтің компаниясы кәсіпкердің әкесі Тұрым Алагөзовті сотқа бергені туралы ақпарат пайда болды. Акционерлік қоғам Алагөзовті «өзгенің затын заңсыз пайдаланған» деп айыптаған еді. Баян Алагөзова аталған жайтқа үнсіз қарап отыра алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ол желідегі парақшасы арқылы қайын атасын сотқа бергендерге жауап берді.
“Қазақта қарияны ренжіту – барып тұрған арсыздықпен тең. Сіз және сіздің тәрбиеңіз үшін мен ұялып тұрмын. Сіз сатып алмаған ескі автокөлікті сот арқылы тартып алу, әрі оны ұялмастан бүкіл елге жариялау?! Әрине, бала күніңнен аштықта өмір сүрсең осындай болары түсінікті. Осындай сәттерде оның не себепті есікті тарс жауып, өкінішсіз кеткенін түсінуге болады. Материя – табуға болатын зат, ал ар мен кісіліктің жоқтығы – жазылмайтын дерт, мен мұны “жанның кедейлігі” деп атар едім. Меніңше, жаңа автокөлік сені көп күттірмейді, мен оны кеше ғана “СиСиТай” байқауының жеңімпазына сыйладым. Бұл жеңісімен Тараздың аруын құттықтаймын”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Тағы оқыңыз:
Нұртас Айдарбеков: Апасы аман болса, немерелерімізге де продюсер болады
Болманов: Мен біреуді түзеу үшін ешқашан қолыма қамшы алмас едім
Тұрсын Алагөзов балаларының ренішіне қарамай, Баянға деген сезімін ашық білдірді