Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды
Баян Алагөзова жезөкшелерді сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетін сынға алды.
“Бұрынғы батырларымыз жерді жаудан қорғаса, бүгінгінің баырлары жезөкшелерді қамшымен сабап жүр. Және сол “ерлігін” камераға түсіріп, жариялайды. Ең сорақысы – мұндай жабайылықты көпшіліктің қолдағаны. Қоғамның сипаты – осындай. Құқық қорғау органдары бұны жай қалдырмай, пікір білдіреді деп үміттенем”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушларының бірі Баян Мақсатқызының сөзін құптаса, енді бірі Жан Ахмадиевті қолдап шықты.
“Жәкеңнің әрекетін қолдаймын. Жеңіл жүрістілерді жөнге салу керек”, “Жезөкшелерді емес, соларға барып жүрген еркектерді сабау керек”, “Шынында да ер азаматқа қыздарды бұлай жазалау – жабайылық”, “Сын айту үшін өз ісің дұрыс болу керек”, “Ахмадиев өзін таныту үшін жасаған”, деп жазады желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.
Қазігі уақытта полиция Жан Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ журналисі: Құдайдан сұрап алған махаббатым, сен аман жүрші
Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: Біз Димашты зерттеп жатырмыз
Ернар Айдар жәрдем сұраған науқас қыздың отбасына барып, қажетті заттарын алып берді (видео)
Осы уақытқа дейін үндемей келдім: Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесіне жауап қайтарды