Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: "Баба" және "қатын" деген сөздер менің жыныма тиеді

Баян Алагөзованың көркіне тамсанатын қыз-келіншектер көп. Олар сұлулығына тамсанып қана қоймай, бет күтімі жайлы кеңес сұрап жатады. Продюсер өзінің бетіне үнемі күтім жасайтынын жасырмайды. Жас көрінуінің себебін ашық айтады. 

Баян Алагөзова 20 жасынан бастап бетіне ерекше күтім жасай бастаған. Өзінің айтуынша, дәл осы себепті беті әлі де жас баланың терісіндей жұмсақ. Одан бөлек мидың тыныштығы - жас көрінудің ең басты себебі. 

"Мен 20 жастан бастап бетіме күтім жасаймын. Өсек айтпаймын, біреудің өміріне араласпаймын. Зиянды тағамдарды жемеймін. Косметологтерге барып тұрамын. Бәріне позитивті көзқараспен қараймын. Сол себепті бетім қартайған жоқ. Сіздер ойлағандай бетіме ота жасап, тарттырып, кестіріп тастаған жоқпын. Мүмкін 10 жылдан кейін солай жасауым мүмкін", - деп жазды ол желіде.

Айтуынша, продюсер әйел затын "баба" немесе "қатын" деп атауға өз басы қарсы. 



"Әйелдерді "қатын" деп атағанды жек көремін. "Баба" деп өзінің әйел екенін ұмытып кеткендерді айтады. Бұл сөздерді өзіме де, өзгеге де қатысты қолданбаймын. Бізде 40 жастан асқан әйел сұлулығын сақтай алмайды деген пікір қалыптасқан.

Сұлулық жасқа байланысты емес, күтімге байланысты. Адамның дұрыс өмір сүруіне байланысты. Менің жасым 46-да. Мен ешқашан жасымды жасырған емеспін. Жасым келсе де, жас әрі әдемі көрінемін", - дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр