Баян Алагөзова ата-анасының “алтын тойында” бауырларымен бірге ән айтты (видео)
Баян Алагөзованың отбасында үлкен той. Танымал продюсердің ата-анасы Мақсат пен Гүлжамал Мұхитденовтардың отасқанына 50 жыл! Осыған орай Мұхитденовтер әулеті дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ата-анасының қуанышында үш қызы алғаш рет ән айтты. Апалы-сіңлілі Бәтес, Баян және Бағым Мақсатқызы Сәкен Майғазиевтің әйгілі “Асыл ана” әнін шырқады.
“Алғаш рет үшеуміз ән айттық, барлығы анамыз үшін”, – деп пікір білдірді Баян Мақсатқызы.
Сондай-ақ, той төрінен орын алған Халық артисі Мақпал Жүнісова әуелеген әнімен жұрттың көңілін көтерді.
Тойға Баян Алагөзованың продюсерлік орталығындағы әртістердің түгелі дерлік қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Одан бөлек, сазгер Арман Дүйсенов, тележүргізуші Мәдина Балғабаева “алтын той” иелерін арнайы құттықтап келді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мақсат аға ,Гүлжамал апайдың жетпіс жасынан келдік,жүз жасаңыздар, түн тыныштығын берсін!
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау