Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стилистің көмегі қажет: Баян Мақсатқызының ең талғамсыз образдары

45 жастағы продюсер, жүргізуші, актриса, сегіз қырлы бір сырлы Баян Алагөзова әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы. Оның инстаграм парақшасында жазылушылардың саны 4 млн-ға жуықтап қалған. Айта кетсек, танымал продюсер оқырмандарын жиі жаңа образдарымен қуантып тұрады. Дегенмен Алагөзова ханым көпшіліктің ортасында жүргендіктен, стиль тұрғысынан кәсіби маманның көмегіне зәру сияқты. Stan.kz продюсердің кей образдарын назарларыңызға ұсынып, не себепті стилистің көмегі қажет екенін түсіндіреді. 

Дене мүсіні барлық киімді киюге мүмкіндік беретінін ескерсек, продюсердің алдында таңдау көп. Стилистикалық қателерді барлығы жасайды. Тіпті, талғамы биік деген адамдардың өзі. Бірақ жұрт алдында жүрген адамның "сәнді қателіктерді" жиі жасауы - қылмыс. 

Соңғы уақытта продюсер парақшасына өзіне жарасымды, талғаммен таңдалған образдарды да жүктеп тұрады. Дегенмен, кейбір образдарына қарап, Баян Мақсатқызы дәл сол күні талғам туралы мүлдем ұмытып кеткен сияқты әсер қалдырады. Қолына не тиді, соны киді.

Мәселен, мына суреттегі костюмнің жалпы тігісі, үлгісі қазір сәннен шыққанын ескермесек те, матасының түр-түсі үлкен күмән тудырады. Бірден "Баян Мақсатқызы үйдегі диванның матасынан немесе перделерден костюм тігіп алған ба?" деген ой келеді. 

Мына образдағы барлық киім-кешек жекелей алғанда әдемі әрі әлі де үйлестіре алған адамның кәдесіне жарайтыны анық. Дегенмен, Stuart Weitzman-ның осы етігі бірнеше жыл бойы классика қатарындағы аяқ киім болса да, қазір кеңқонышты аяқ киімдер талғамыңыздың бар екенін көрсетеді. Мұнымен қоймай, ұзын етіктің қонышын белдемше жасырып тұрса тіптен жақсы. Сонымен қатар Dior маркалы қолдорба мына образға мұлдем сай келмейді.

Қызыл кілемге арналған мына образ туралы айтпасақ та түсінікті шығар. Бәлкім, продюсер Леди Гага, Мадонна сынды эпатаждық образымен таңғалдырғысы келген болу мүмкін. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді. Біздің ойымызша, Баян Мақсатқызы дәл осы образына мұрындық болған адамды сотқа беріп, болашақта мұндай стилистік қателіктерден аулақ болуы керек. "Жапон анимелерінен қашып кеткен" - образды тек осы сөзбенсипаттай аламыз. 

Тағы да "түсініксіз" образдардың бірі. Бір қарағанда, барлық киімі әдемі, бірақ үйлесімділік жоқ. Ал үйлесімділік жоқ жерде биік талғам туралы айту мүмкін емес. Кеудешесін шешіп, аяқ киімін басқасына алмастырғанда образ ұтымдырақ шығатын еді. Ал мында тек "талғамға әркімнің бар таласы" болып қалған. 

Тағы да сәтсіз шыққан образдардың бірі. Барлық киім-кешегі әдемі, бірақ бір образда емес. Қысқа шалбарын ешбір күмәнсіз қоқысқа, ең құрмағанда сандықтың түбіне жіберу керек. Мындай көз тартатын күртешемен тек "қарапайым" түстегі және үлгідегі киімдерді киюге ғана болады, Баян ханым. 

Тағы да "диван матасынан" тігілген костюм талғамыңыздың барына күмән келтіреді. Әйел тек "жасына сай киім кигені дұрыс" деген пікірмен келіспейміз, дегенмен дәл осы образ 45 жастағы әйелдің ажарын ашып тұр деп айту қиын. Ұзынқонышты ботфортыны кең немесе дене мүсінін айқындамайтын сәл ұзын киіммен үйлестірген абзал. 

Жалпы, стиль, талғам деген көзге оғаштай тиетін киім-кешек пен түстерді таңдау емес. Керісінше, нағыз стиль "айғайлап тұрмайды". 

Әдетте Dior сынды қымбат брендтердің қолдорбалары классика болып есептеледі, бірақ дәл осы түстердің үйлесімі - уақытша тренд екенін түсініп, оған жұмсалған $2000 туралы шамалы қайғырып, ауылға беріп жіберу керек. Аяқ киімді де. Жүнін жұлған тауықтай әсер қалдыратын сырт киіміңізді де. Қалғаны - тамаша!

Тұңғышы Айсәуленің ұзатуына киген көйлегінің үйдегі пердеден тігілгеніне күмәндану қиынға соғып барады. Басқа айтарымыз жоқ. 

Әрине, продюсердің сырт-келбеті, мүсіні де, мүмкіндіктері де еліміздің ең сәнді адамдарының бірі атануына жол аша алады. Стилистің көмегіне жүгінсе. Әр істің маманы болады, кейде оларға сенім артқан дұрысырақ. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Шілде, 2019 15:40
Талқылау