Қазақстандықтар мемлекетке қайтарған мүліктің ішіндегі ең қымбат сағаттар мен зергерлік бұйымдар қандай
"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ең қымбат бес аксессуар мен зергерлік бұйымды атады. Бай қазақстандықтар мемлекетке қайтарған төрт сағаттың құны 283 миллион теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: chrono1010.com
Компания мәлімдегендей, балансқа 254 актив тіркелген, олардың 196-сы – зергерлік бұйымдар. Құн салығын қоспағанда бағасы 98 миллион теңге. Соның ішінде ең қымбат жинақтың құны 85 миллион теңге. Бұйымдар аукционға қойылып, олардың сатудан түскен қаражаты әлеуметтік жобаларға арналған арнайы мемлекеттік қорға аударылады.
Алайда әлі күнге дейін осы бұйымдар бойынша аукцион өткізілген жоқ. Себебі қатысушылар болмаған.
Ulysse Nardin Classic 789-80 сағатының құны 214,4 миллион теңге.
Бұл швейцариялық сағаттар лимиттелген сериямен шығарылған, жалпы саны – 30 дана. Сағаттың циферблаты авантюрин мен 18 караттық алтыннан қолмен жасалған фигуралармен безендірілген. Сағаттың корпусы платинадан, ал білезігі аллигатор терісінен жасалған.
Бұл сағаттардың ерекшелігі – жакемаралар қозғалысы Вестминстердің қоңырау соғу үнімен синхрондалған, ол төрт гонгпен шығарылады. Әрқайсысының тональдығы әртүрлі. Бағасы: 214,4 миллион теңге.
85 миллион теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдар жинағы
Платинадан жасалған зергерлік бұйымдар, үлкен бриллианттармен, екі сырға, жіптегі кулон және екі сақинадан тұратын жинақ. 29,2 миллион теңгеге бағаланған Franck Muller Geneve сағаты.
Сағаттың корпусы 18 караттық қызғылт алтыннан жасалып, сапфирлі әйнегі бар. Циферблат рубиндермен, сапфирлермен және цавориттермен безендірілген, ал сағаттың көрсеткіштері рубиндерден жасалған.
29 миллион теңгеге бағаланған Ulysse Nardin Archive Freak Cruiser сағаты.
Сағат 18 караттық ақ алтыннан жасалып, бауында аллигатор терісінен алтын қосымша бөлшектермен жасалған. Су өткізбейтіні – 30 метр. Басылым мәлімдегендей, бұл сағатта корпусында сызат бар.
10,4 миллион теңгеге бағаланған Breguet 882U №3271 сағаты.
Алтын сағаттар сапфирлі әйнекпен жасалған. Корпус пен бауында аздаған зақымдар бар.
Компания бес ең қымбат аксессуар мен зергерлік бұйымның бұрынғы иелерінің атын атамады.
Айта кетейік, олар бұл шешімді “Мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы” заңына және премьер-министрдің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес қабылдады. Компания заң бойынша қайтарылған активтер туралы мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті құны екі миллион теңге тұратын алтын жалатылған әйелдерге арналған 80, ерлерге арналған 100 сағатқа тапсырыс берген. Хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды. Сайтта жарияланған хабарландыруда тапсырысқа жасалып жатқан сағаттың қанедай болу керегі жазылған. Маңғыстау облысы полиция департаменті сипаттамада “сағат алтын жалатылған, суға төзімді болу керек, белбеуі бұзау терісінен жасалу керек” деген талап қойған.