Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бай әйел дүние-мүлкін балаларына емес иті мен мысығына қалдырды

Қытайлық әйел өзінің жиған-тергенін үй жануарларына қалдыруға шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz South China Morning Post сілтеме жасап хабарлады.

Фото: scmp.com

Шанхайлық Лью есімді әйел өзінің жалпы құны 20 миллион юаньнан (1 млрд 267 миллион 969 мың теңге) асатын байлығын балаларына беруден бас тартты. Ол бірнеше жыл бұрын жасаған өсиетін өзгерткен, бұрынғы өсиет бойынша ақша мен мүлік оның ұлдары мен қыздарына берілуі керек еді. Алайда балалар анасына келуді сиреткен және ол сырқаттанғанда қамқор болмаған, олардың бұл әрекетіне ренжіген ауқатты қытайлық осындай шешімге келген.

Льюдің айтуынша, қиын сәтте оның иті мен мысығы ғана қасында болған. Жаңа өсиетте әйел мұрагері ретінде ветеринарлық клиниканы көрсетті, клиникаға әйелдің үй жануарларына күтім жасау тапсырылды. Ол бар байлығын жануарлардың өзіне қалдырғысы келген, бірақ заңды түрде бұл мүмкін емес.

Бұл ретте өсиетті тіркеу орталығының сарапшылары Льюге өзіне сенетін адамды клиниканың аудиторы ретінде жалдауға кеңес берді, ол қаражаттың мақсатына сай пайдаланылуын бақылайды.

Бұған дейін Қытайдағы сот өзінің барлық мүлкін жеміс сатушыға қалдырған ер адамның өсиетін заңды деп танығаны туралы хабарланған болатын. Өсиетке әйелмен бірге тұратын зейнеткердің әпкелері қарсы шықты.

Талқылау