"Бавария" жолдастық кездесуде қарсыласын 6:2 есебімен жеңді
Германияның Мюнхендік "Бавариясы" жолдастық кездесуде "Ди-Си Юнайтед" командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу Вашингтондағы "Ауди Филд" стадионында өтіп, 6:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында "Бавария" сапында дебюттік голын соққан Садио Мане мен Маттейс де Лигт, сонымен қатар Марсель Сабитцер, Серж Гнабри, Джошуа Циркзе және Томас Мюлер өнер көрсетті.
Ал "Ди-Си Юнайтед" сапында Скейдж Симонсен Лехлэнд пен Теодор Ку-Дипьетро гол соқты.
Келесі жолдастық кездесуде "Бавария" ағылшындық "Манчестер Ситимен" ойнайды, ол 24 шілдеде өтеді.
Талқылау