Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Бавария" футбол клубы Германия чемпионы атанды

Фото: IMAGO / Sven Simon / ТАСС

Мюнхендік "Бавария" футбол клубы 2024/25 маусымының Германия чемпионы атанып, тарихындағы 34-чемпиондық титулын, сондай-ақ кейінгі 13 жылдағы 12-жеңісін иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Команданың бас бапкері Винсент Компани, Томас Тухельдің орнына келгеннен кейін, "Баварияны" бір маусымда-ақ бұрынғы биігіне қайта алып шықты. Маусымның басында қиындықтарға қарамастан және "Байер" Леверкузеннің мықты бәсекелестігіне тап болса да, команда ойындарын тұрақтандырып, көшбасшылықты қолға алды.

Команданың басты жұлдыздары – Джамал Мусиала және лиганың үздік сұрмергені Гарри Кейн болды. Кейн чемпионатта 24 гол соқты. Маусым бойы "Бавария" 32 матчта 93 гол соғып, қорғаныстағы кейбір мәселелер мен жарақаттарға қарамастан, тек 32 гол жіберіп алды.

Чемпиондықты анықтаған сәт — "Байердің" "Фрайбургпен" тең түскен (2:2) ойыны болды. Бұл нәтижеден кейін Леверкузен командасы "Бавариядан" 8 ұпайға қалып қойып, соңғы екі турда оларды қуып жете алмайтыны белгілі болды.

Гарри Кейн үшін бұл титул кәсіби мансабындағы алғашқы жүлде болды, ол ұзақ жылдар бойғы кубоксыз ойынын осылай аяқтады. Ал Томас Мюллер өз мансабындағы 500-інші Бундеслига матчына шығып, 13-чемпиондық атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, “Бавария” бұған дейін Чемпиондар лигасының ширек финалы мен Германия кубогынан шығып қалған еді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 15:07
Талқылау