Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бавария" – "Арсенал": Айдын Қожахмет шайқасқа қатысты болжамын айтты

Бұл командалардың алғашқы кездесуі бір-біріне әлі де көп нәрсені жеткізбегендей сезім қалдырды. Енді міне Мюнхенде бізді нағыз драма күтетін секілді. Палестиналықтар айтқандай “вig drama show-ды” көреміз.

18 сәуір

  • Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де
  • "Альянц-Арена" (Мюнхен, Германия)

"Бавария"

Мюнхендіктердің Лондоннан аман-есен кететіндеріне сенгендер саны аз болды. Қазіргі "Арсеналдың" жағдайы тым жақсы, ал "Баварияның" тұрақтылығын тіптен болжау мүмкін емес. Бірақ Томас Тухельдің шәкірттері кадрлық шығынға ұшыраса да, "Эмирейтсте" жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алайда, аталған мәселелер мұнымен шешімін тапқан жоқ. Жаттықтырушы әлі де шеттегі негізгі ойыншылары – Гнабри, Команд, Дэвис пен жас ойыншылары қатарынан: Баухманн, Буи, Сарра, Марушич-қа арқа сүйей алмайды.

"Баварияның" соңғы 5 матчы (2-1-2, 11-7)

  • Бундеслига. “Бавария” - “Кёльн” 2:0
  • ЧЛ. “Арсенал” - “Бавария” 2:2
  • Бундеслига. “Хайденхайм” - “Бавария” 3:2
  • Бундеслига. “Бавария” - “Боруссия Д” 0:2
  • Бундеслига. “Дармштадт” - “Бавария” 2:5

"Арсенал"

Бұлардың қазіргі көңіл-күйі мәз емес. Екі үлкен майданда өткізіліп жатқан күрес көп күш пен эмоцияны талап етеді. "Баварияға" тістерін батыра алмай жүргенде Артетаның шәкірттері демалыс күндері чемпиондық үшін күресте “Астон Вилладан" жеңіліп қалып, жағдайларын тіптен нашарлатты. Ең өкініштісі, бұл жеңіліс олардың өз ойын алаңында орын алды. Кім біледі, бәлкім оларға жеңіс сыртқы алаңдарда оңай келетін шығар?

"Арсеналдың"соңғы 5 матчы

  • АПЛ. “Арсенал” - “Астон Вилла” 0:2
  • ЧЛ. “Арсенал” - “Бавария” 2:2
  • АПЛ. “Брайтон” - “Арсенал” 0:3
  • АПЛ. “Арсенал” - “Лутон” 2:0
  • АПЛ. “Манчестер Сити” - “Арсенал” 0:0

Жеке кездесулер тарихы 

"Арсеналдың" Мюнхенге соңғы сапары 2017 жылы "Бавариядан" 5-1 есебімен болған масқара жеңілісімен аяқталған еді. Сол кездерден бері неміс алыбының қатарында Нойер, Мюллер, Киммих, Дэвис әлі де ойнайды. Ал лондондықтар қатырынан бұл ұят жағдайды тек Мұхаммед Эль-Ненни біледі.

Әдетте, бұл командалардың жекпе-жегі көбінесе голға бай аяқталады. Ешқашан нөлдік нәтижелі немесе тең ойын болған емес. 

Айдын Қожахметтің матчқа болжамы

“Менің ойымша, бұл кезеңде тәжірибелі ойыншылардың бар болуы жас ойыншыларға қарағанда маңыздырақ. Сондықтан  "Баварияның" жеңісіне сенім артамын. Parimatch-тағы достарым бұл оқиғаны 1.77 коэффициентімен бағалаған

Талқылау