Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Ибрагимов елді шулатқан қонақ үй оқиғасының неден басталғанын айтты

Танымал актер, “Бауыржан шоу” театрының директоры Бауыржан Ибрагимов алғаш рет елді шулатқан қонақ үй оқиғасының қалай болғанын баяндады. Ол ішімдік ішкеннен кейін қонақүй қызметкерін балағаттағанын мойындады. Алайда бұл қылығы үшін кешірім сұраған актер әлгі қыздың да күнәсіз емес екенін айтады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Осыдан екі жыл бұрын елді шулатқан оқиғаға Украинадан келген қонақтар себеп болған. Бауыржан Ибрагимов шетелден келген достарын лайықты түрде күтіп алмақшы болған. Сөйтіп өзі құрметті қонағы саналатын қонақ үйге тапсырыс берген.

“Әрі құрметті қонағымын, әрі 50 пайыз жеңілдігім бар еді. Достарым басқа жерге тапсырыс бермекші болған. Біз қазақтар мәрттігіміз ұстап қалады ғой, қой, мұнда 50 пайыз жеңілдігім бар деп «жыртылдым».  Сөйттім де көздерінше отырып, звондадым. Тұтқаны Шыңғыс деген бала алды. Мен одан: “Жеңілдігімді қонақтарыма пайдалансам бола ма?” деп сұрағанымда, ол «иә» деді. Осылайша “Екі Deluxe нөміріне тапсырыс бердім”, – дейді Ибрагимов.

Айтуынша, тапсырысты қабылдаған жігіт сол күні жұмыста болмаған. Ал оның орнын алмастырған қызметкер бос бөлме жоқ деп дөрекілік танытқан көрінеді. Ал ішімдіктен ұрттаған актер достарының алдында ұятқа қалғандықтан, орыс-шатыс қызға балағат сөздерін жаудырған.

“Өзі қазақ тіліне шорқақтау Петропавлдың қызы екен. “Кто вы такой? Что вы себе позволяйте?” деген болуы керек. Өзім қызу болғанмын, жасырмаймын. Абыройым жерге төгілді, қателігім сол, аузымнан жаман сөз шығып кеткен. Күйіп кеткем ғой. Шыңғыс телефонын алмайды”, – деп еске алады Ибрагимов.

Аталған жайтты оқиға куәгерлерінің бірі видеоға түсіріп, желіде таратып жіберген.

“Екі күн бойы бүкіл Қазақстан шулады. Бірақ мен гүлімді алып, ол қыздан кешірім сұрадым. Өзімнің де қызым, қарындастарым бар. Сол жаман сөз айтқаным үшін ғана сұрадым. Әйтпесе оның да ісі дұрыс емес. Кейін директоры мені шақырып: “Бәрін анықтадық. Тапсырыс қабылданған. Тек қыздар оны көрмеген. Жұмыстан шығарайық, жазалайық”, – деді. Мені керегі жоқ, болар іс болды деп жылы жауып қойдым”, – дейді актер.

Жіберіп алмаңыз:

“Қалаулым” шоуын әзілге айналдырған Нұржан Төлендиев жұртты күлкіге қалдырды (видео)

Атышулы Айжан Байзақова туралы сіз білмейтін 5 дерек

КешYou-дің көшірмесі: Мөлдір Әуелбекованың жаңа тобы қатал сынға ұшырады (видео)

Гүлзира Айдарбекова келінімен мінсіз қарым-қатынасты қалай орнатқанын айтып берді

Талқылау