Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Демалыс күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Панфилов көшесі маңына барып, жол қозғалысындағы жаңа өзгерістермен танысты.

8787

Шаһар басшысына кез-келген қала тұрғыны жақындап, көкейдегі сауалдарын қойып, пікірлесуге мүмкіндік алған. Тіпті Байбек көше жиегінде баян тартып отырған қарияға жақындап келіп, қолтаңба да берген.

Дегенмен көптеген тұрғындар ойындағы сұрағын қойғаннан гөрі, әкіммен суретке түсуді жөн санапты. Бұл туралы журналист Полина Шиманская Фейсбуктегі парақшасында жазады. Өз кезегінде журналист қаланың әр тұсында қазылып жатқан жөндеу жұмыстары туралы да сұраған.

“Бұл туралы түрлі әңгімені, мені “темір адам” деп атаған әзілдерді де естіп жатырмын. Адамдардың түсініп, бағалауы үшін уақыт керек. Бірнеше жылдан бері алғаш рет осындай көлемді жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлі де жасалатын біраз шаруа бар. Құрылыс иелері бізге екі жылға дейін кепілдік береді. Егер қандай да бір кемшілік кетсе, олар өз есебінен қайта жөндейді”, – дейді әкім.

Сонымен қатар, шаһар басшысы метроның тағы екі бекетін іске қосу үшін инвесторлар іздеп жатқанын да айтты.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Қарағандыда шенеунік кабинетте жиналыс жасап жатқан жерінен ұсталды

Тоқаев сенат төрағасы болып қайта сайланды

Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ

Талқылау