Бауыржан Байбек: Біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисіне айналдырамыз
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақсан халқының бірлігі күні Алматыны әлемнің үздік мегаполисіне айналдыруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисі, дамыған туристік орталыққа анйалдыратын боламыз. Ол қала кеңістігіне заманауи стандарттарды енгізу арқылы жүзеге асады. Ортаның өзгеруінің салдарынан адамдар да жаңғырып, ашық және мейірімді бола түседі. Елбасы бұл жөнінде ««Рухани Жаңғыру» бағдарламасында айтқан еді. Қаламыздың әлеуеті зор. Десе де Алматы қаласының басты байлығы қала тұрғындары деп білеміз. Мегаполис халқы әр түрлі болғанына қарамастан, рухани тұрғыда жақын дер едім», – дейді Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, қала басшысы мегаполис халқы түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралса да, бірге өмір сүріп, еңбек етіп, әр мерекені бірге тойлайтынын атап өтті.
«Бұл мереке – қазақ даласының көп ғасырлық дәстүрлі рухының, яғни ашықтық, мейірім, толенранттық пен қонақжайлылықтың көрінісі. Осы дәстүрлер арқылы мегаполистің қайталанбас рухы қалыптасты. Сондай-ақ, айрықша сипатқа бөленді. Алматыда мың жылдан бері түрлі мәдениеттің, діннің, тілдің өзара үндескен қасиетті мекені болып келеді. Қаламыздың «мың бояулы қала» деп аталуының өзі тектен-тек емес сияқты. Мегаполис халқы түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралса да, бірге өмір сүріп, еңбек етіп, әр мерекені бірге атап өтеді. Ендігі біз бұл байлықты сақтап, дамыта түсу керекпіз», – дейді қала әкімі.
Оқи отырыңыз:
АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады (видео)
Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Мектеп бітіру үшін 100 мың теңге: Алматы тұрғыны мектепте ақша жиналып жатқанын айтып шағымданды