Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауыздаймын деді": Павлодарда бойжеткенді пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

Павлодарда белгісіз біреу бойжеткенді пышақпен қорқытып телефонын тартып алмақшы болған. Оқиға жергілікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тонау

Павлодарлық қыз бұл туралы әлеуметтік желіде жазған. 

"Кеше Бектүров көшесінде сағат 17:00 шамасында мас азамат маған шабуыл жасады. Ол артымнан ұрлана келіп, аузымды қолыммен басып, телефонымды талап етті. Айқайлап, қашпақшы болғанымды бауыздап өлтіремін деп қорқытты. Телефонымды алған ол ақша сұрады. Жоқ дегеніміде мені жіберіп, кетіп ақлды. Осы тұста мен айқайға бастым", - деп жазады бойжеткен. 

Қыздың даусына естіген көршілері бірден келіпті. Мұны көре салған бұзақы телефонды лақтырып жіберген. Абырой болғанда, бойжеткен ауыр жарақат алмаған, тек ернін қанатыпты. Сондай-ақ, ол бойжеткенге жасалған шабуылды көре тұра көмектеспеген азамат жайлы айтып кетті. 

Қазіргі таңда күдікті қолға түскен. 

"Бойжеткен полиция бөлімшесіне арызданбады. Десек те Павлодардың ПБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Қолға түскен күдікті 31жастағы павлодарлық тұрғын", - делінген ресми мәлімдемеде. 

Қазір бұзақы уақытша тергеу изоляторына қамалған. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Желтоқсан, 2020 14:51
Талқылау