Бауыржан Сатов: Кішкентайымнан саясатқа жақынмын
Бауыржан Сатов саясатқа араласқысы келеді. Өзін депутаттыққа ұсынғандар арасында ол да бар. Бұған желідегі оқырмандары қандай көзқараста?
"Кішкентайымнан саясатқа, “политикаға" жақын болдым. Бала Бауыржанның арманы - болашақта халыққа бір пайдам тисе екен деген ой. Бірақ қалай, немен көмектесемін деген нақты бағдар болған жоқ. Өсе келе халықтың хал-ахуалын көре келе түсіндім!
Халыққа сапалы қызмет ету үшін, өзіңнің қоғамда салмағың және абыройың болу керек. Абыройымызды жан-жақты арттырып, Алла қаласа, сіздерге барынша қызмет етемін!
Нұр Отан партиясы алғаш өткізген "Праймериз" ашық пікірталасы жақсы өтуде, жарқын болашаққа тағы бір қадам жасалды. Өзім осы пікірсайыста көптеген болашақ өмірімізге пайдасы тиетін үміткерлердің бағдарламаларын естіп, қуанып қалдым", - деп жазды актер.
Желі қолданушыларының бірі оның бастамасын қолдаса, бірі қарсы шықты.
"Коронавирус кезінде неше адамға көмегіңіз тиді?", "Өте қуаныштымыз, қарқындап дамып, ел жұртқа пайдаңызды тигізе беріңіз, Алла жар болсын", "Бауыржан баламыз марқұм әкесі Жаманбай сияқты алғыр ақылды болса, бәрі де болады", "Оны уақытында көреміз", "Неге әркім өз ісімен айналыспайды?", -деп жазды олар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
