Бауыржан Байбектің әйелі елорда сотының судьясы қызметінен босатылды
Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек елорда сотының судьясы қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: today.kz
6 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.
Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта оның өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап көрсетілген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Ашық ақпарат көздері Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екенін айтады.
Айта кетейік, Түркістан облысында 5 жасар қыздың өліміне кінәліні бұрын жеңіл жазалаған Нұрқазы Шетенов төрағалықтан кетіп, судья қызметінде қалған еді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ