Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбектің әкесіне үкім шықты

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Отырыс жауапкерсіз өтті. Байбекке заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.

Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз "Әулие" ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды.

Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды.

Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.

Еске салайық, бұған дейіе Бауыржан Байбектің әкесі Астанада сотталып жатқаны хабарланған.

Талқылау