Батыс Қазақстанда мұғалім оныншы сынып оқушысын оңдырмай сабап тастаған
Батыс Қазақстан облысында ауыл мектебінің мұғалімі оныншы сынып оқушысын өлімші етіп ұрып тастаған. Оқиға Казталовка ауданы, Қараоба ауылында болған.
Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.
Әкесі Олжастың айтуынша, оның ұлы жергілікті мектептің 10-шы сыныбында оқиды. Оқиға 4 қазан күні болған. Жасөспірім жаңа футбол алаңына ойнауға барған. Ал Еділді тарих пәнінің мас мұғалімі алаңға жібермей, ал әскери дайындық пәні мұғалімі оны ұрып салған.
“Ол басында ештеңе айтпады. Тек ауруы күшейгеннен кейін барып айтты”, – дейді Олжас. Ол қазір ұлымен бірге ауруханада жатыр.
Оқушы бір аптаға жуық уақытты аудандық ауруханада өткізген. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз бөлімі қазір 10-сынып оқушысының облыстық ауруханаға ауыстырылғанын айтты.
“Облыстық ауруханаға ол аталық жұмыртқасының жарақаттануы диагнозымен түсті. Ол оған дейін аудандық ауруханада ем алған. Алайда шаптың тұсындағы ауыртпалық басылмай қалаға жеткізіліпті. Кейін дәрігерлер оған операция жасау керек деген шешімге келген. 12 қазан күні оқушыға операция жасалды. Қазір ауруханада жатыр”, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз бөлімі.
Қараоба ауылдық округі әкімінің сөзінше, баланы ұрған мұғалім әлі жұмысынан шеттетілмеген.
“Төбелес футбол ойыны кезінде спорт алаңында болды. Бәрінің неден басталғаны әзірге белгісіз. Ол жерде әскери мұғалім мен қатар тарих мұғалімі де болған. Оның оқиғаға қатысы бары анықталуда. Ата-анасы полицияға шағым түсіріп қойды. Тексеру жүріп жатыр”, – деді ауыл әкімі Нұрлығали Дүйсеков.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда зейнеткерлер екі теңгенің кесірінен жәрдемақыдан қағылды
Баспаналы болған ата-ана өз баласына Жилстройбек деп ат қойды
Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді
Ақтөбеде ауылға келіп көршісінен зорлық көрген жас дәрігер қыз ауруханадан шықты