Батырхан Шүкеновтің қайтқан күнінде оның жаңа клипі жарыққа шықпақ (видео)
Батырхан Шүкеновтің қайтыс болған күнінде музыканттың жаңа бейнебаяны жарыққа шықпақ.
Бұл туралы Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор директоры Олжас Байканов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«28 сәуірден бастап музыкалық арналардың эфирінен тамашалай аласыздар. Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны», – деп бөлісті Байканов.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, “Нас исцеляет любовь” әнін Батыр 2014 жылы жаздырған.
«Ол ән кейінге қалдырылды, себебі онымен айналысатын уақыт болмады, басқа да әндер бар. Батыр оларды жинап жүрген. Бұл ән біраз уақытты алды: аранжировкасы, жазылуы бар. Былтыр бастап, биыл аяқтап отырмыз», – дейді Олжас Байканов.
Қор директорының айтуынша, клипте Батырдңың жеке мұрағатынан алынған кадрлар бар.
Еске салайық, қазақстандық әнші әрі музыкант Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуірінде Мәскеуде инфаркттан көз жұмды.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Әдемі төсек қатынасын көрсететін ұятсыз фильмге түсті
Татуласқан Тимати мен Киркоров махаббат қаласына аттанып кетті (видео)
Рахман Омар үйіне келген қыздарды қалай жылатқанын айтып берді
Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды