Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Батыстағы адамдарға айырбастауға келістім": Путин Навальныйдың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин саясаткер Алексей Навальныйдың өлімі қайғылы жағдай деп атағанымен, “мұндай нәрсе болып тұрады” деп пікір білдірді. Путин, сондай-ақ, бірнеше күн бұрын белгілі бір адамнан Навальныйды Батыста түрмеде отырған адамдарға айырбастау туралы ұсыныс алғанын және бұл идеяға келіскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Путин Ресейдегі президенттік сайлауда дауыс беру аяқталғаннан кейін штаб-пәтерде өткен баспасөз мәслихатында Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірді.

Путин алғаш рет колониядағы саясаткердің өлімі туралы айтты және алғаш рет көпшілік алдында Навальныйдың атын дауыстап айтты.

"Эван Гершкович сайлау кезінде түрмеде болды, Украинадағы соғысқа қарсы Борис Надеждин сізбен бәсекеге түсе алмады, ал Алексей Навальный сайлау науқаны кезінде түрмеде көз жұмды. Президент мырза, бұл демократия жата ма?". — деп сұрақ қойды америкалық NBC телеарнасының журналисі Кир Симмонс.

"Бұл өмір", - деп жауап берді Путин.

Ол Надеждиннің сайлауға қатыстырылмағанын саясаткердің штабы жеткілікті жұмыс істемеді деп түсіндірді.

Путин тыңшылық жасады деген айып тағылып, Лефортовода 2023 жылдың наурыздың соңынан бері жүрген Wall Street Journal журналисі Эван Гершковичтің ісі туралы ештеңе айтқан жоқ.

"Навальный мырзаға келетін болсақ. Иә, ол дүниеден өтті. Бұл – қайғылы оқиға. Бірақ бізде адамдар мерт болған басқа да жағдайлар болды. Бұл АҚШ-та болған жоқ па? Бұл бір емес, бірнеше рет болды", – деді Путин.

Президент саясаткердің өлімінен бірнеше күн бұрын Навальныйды Батысқа айырбастау идеясына келіскенін растады.

"Навальный мырзаның өмірден өтуіне бірнеше күн қалғанда, күтпеген жағдай болады, кейбір әріптестер маған Навальный мырзаны айырбастау талабын қойды. Батыс елдерінде түрмеде отырған кейбір адамдарға ауыстырғысы келді. Ол адам талабын айтып болғанша, келісімімді бердім. Тек бір шарт қойған едім, сол жерде қалып, енді қайтып келмесін” дедім. Бірақ амал жоқ, – деді ол.

Путиннің айтуынша, сайлау әділ өтті. 

Алексей Навальныйдың серіктестері соңғы айларда саясаткерді айырбастау туралы келіссөздер жүргізілгенін айтты. Атап айтқанда, 26 ақпанда Мария Певчих Навальныйды АҚШ-тың екі азаматына және Германияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген ФСБ қызметкері Вадим Красиковке айырбастауға болатын схема талқыланғанын айтты.

Певчих Навальныйды айырбастауға болатын АҚШ азаматтарының аты-жөнін атамады. БАҚ америкалық ардагер Пол Уилан мен Wall Street Journal журналисі Эван Гершкович туралы әңгіме деп болжады. Екеуі де Ресейде тыңшылық жасады деген айыппен сотталып жатыр. Уилан 2020 жылы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Гершкович Лефортоводағы сотты күтіп отыр.

Еске салсақ, 2024 жылдың 16 ақпанында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан түзеу колониясында көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау