AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батысқазақстандықтар үшін Референдум күні отбасылық мерекеге айналды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Рахметовтер отбасында 8 бала тәрбиеленуде. Таженова  Айнұр  - алтын алқа иегері.

Көпбалалы отбасы негізінен мал шарушалығы және жеке кәсіппен айналысады. Бүгінгі күні отбасымен келіп референдумда өз таңдауын жасады. 

Дүйсегалиевтер отбасы - 4 отбасыны бір шаңыраққа топтастырып отырған қарапайым отбасылардың бірі. Қазіргі уақытта кішігірім шаруашылық ашып Қалабай қыстағында мал өсірумен айналысады. Референдум күні сайлау учаскесіне келіп, отбасылық таңдауын жасады.

Жалпақтал ауылының тұрғындары арасынан бір отбасында тұратын тоғыз бірдей жан үлкен отбасы бір мезгілде референдумға келіп өз таңдауларын жасады.     

Еліміз бойынша болып жатқан саяси оң өзгерістерге салқын қарамай, өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытып, тату жанұя ретінде көпке үлгі болған Манкишовтар отбасы бір мезетте келіп дауысын берді. 

Сайлау учаскесіне түгел отбасысымен келгендер қатарында шыңғырлаулық Ажгалиевтер де болды. Сайын Ажгалиев көп жылдар бойы аудандық мәдениет саласында қызмет атқарған, ауданның дамуына елеулі үлес қосып жүрген азамат болса, ұл-қыздарын да туған ауыл үшін қызмет етуге тартқан. 

Дәл осындай мыңнан астам отбасылар облыс бойынша дауыс беруде.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр