AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батысқазақстандықтар Алғыс айту күнін кеңінен атап өтті

Батыс Қазақстан облысының ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен еріктілер, жастар өкілдері Алғыс айту күнін мерекелеуге белсенді қатысты.

Мерекелік оқиғалар қатары бойынша Алғыс айту күніне арналған шаралар Орал қаласындағы "Қазақ халқына мың алғыс" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Қадралиев, РФ Орал қаласындағы вице-консулы Х.Атмурзаев, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Кейін 1 наурыз Алғыс күніне арнайы ұйымдастырылған "Қайырымдылық керуені" акциясына бастау беріліп, Орал қаласының 100 аз қамтылған отбасына әлеуметтік азық-түлік себеттері жеткізілді. Қайырымдылық акциясына БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктер, жастар мен волонтерлік ұйымдардың, құқыққорғау органдарының, сондай-ақ халқымыздың мызғымас бірлігі мен өзара қамқорлығының символына айналған жанашыр азаматтар қатысты. Мерекелік шаралар Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің ұжымдарымен ұйымдастырылған "Қазақстан-бақыт мекені" атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Кешкісін Жастар мәдениет үйінде "Айтамын сізге мың алғыс" мерекелік концерті оздырылды.

Сондай-ақ, бұл күні Орал қаласы мен барлық аудандарда Алғыс айту күніне арналған мерекелік шаралар өткізіліп, Алғыс айту челлендждері, құттықтаулар мен ардагерлерге құрмет білдіру, ҚХА мүшелерімен, оның қоғамдық құрылымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен және "Ассамблея жастары" ұйымымен кездесулер өткізіліп, жалпыұлттық бірлік пен келісімді дамыту, Ассамблея жұмысының жаңа бағыттары бойынша ұсыныстар талқылау жұмыстары жүргізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр