Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, ыстық басылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қызанақтар

"Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада. 

Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады. 

Талқылау