Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда жүк пойызы аударылып, бірнеше тонна газдалған сусын шашылып қалды

27 наурыз күні Ақтөбе облысында жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті. Әлеуметтік желіде аударылған вагонның айналасында газдалған сусындардың шашылып жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Жұмысшылар пойыз вагонынан шашылған сусындарды сұрыптап жатыр. 

Бұған дейін Қауылжыр стансасындағы Шалқар – Жем учаскесінде төтенше жағдай болғаны хабарланған еді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына шұғыл қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.

“Бұл жүк Алматыдан Ақтөбе, Атырау, Оралға жеткізілу керек еді. Тауар иесі ертең Ақтөбеге келуі керек. Бүгін Ақтөбедегі әуежай жұмыс істемей тұрғандықтан келе алмай қалды. Қазір вагон аударылған жерде арнайы әскерилендірілген күзет қойылды. Кейбір сусындар құйылған бөтелкелер мен қалбырлар майысып қалған. Бірақ олардың бәрі орнында. Жолдағы апаттың себебі комиссия жұмысы аяқталған соң белгілі болады”, – деді "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС – Батыс филиалының бас инженері Жаслан Рсқалиев.

ҚТЖ баспасөз қызметі пойыз қозғалысының қайта қалпына келгенін мәлімдеді.

“Сағат 19:10-да Қауылжыр стансасындағы Шалқар – Жем учаскесінде жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты пойыз қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Бірінші кезектегі жолаушылар пойыздарының қозғалысына басымдық берілді. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды”, – деп мәлімдеді “Қазақстан темір жолы” баспасөз қызметі.

 

Талқылау