Батыс Қазақстанда жанармай таситын көліктің жүргізушісі жоғалып кетті
Атырауда жанармай таситын көлікпен Қаратал кен орнына барамын деп жоғалып кеткен жас жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіггі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 1995 жылы туған жүргізуші өткен сенбі, 12 ақпанда Қаратал кен орнына қарай жолға шыққан.
Құтқарушылар оның жоғалып кеткені туралы 14 ақпанға қараған түні білген.
“Түнгі уақытта іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дереу Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері жұмылдырылды. Сағат 6:20-да қосымша үш құтқарушы, жүргізуші жұмыс істейтін "Арна" ЖШС-ның 3 қызметкері, сондай-ақ туыстары тартылды”, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылдарынан 40 шақырым жерде іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар,\ Қаратал кен орны маңында "Қазавиапас" АҚ МИ-8 ұшағымен рейс жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”