Батыс Қазақстанда шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып отыр. Бірақ күдікті әлі күнге дейін қамауға алынбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық оқиғасы 3 қаңтарда болған.
Жәбірленушінің әкесі 3 қаңтар күні 57 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне кіргізіп, зорлағанын айтты. Полицияға арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған.
“Ол кінәсін мойындады, қызым оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Кейін ол маған хабарласып, қоқан-лоқы жасады”, – деді қыздың әкесі.
Оның айтуынша, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі бұл істі тергеуге құлықсыз.
“Біз – қарапайым адамбыз, адвокатты да жақында ғана жалдадық, әрең ақша жинадық. Оның мүмкіндіктерінің жанында біз кімбіз? Іс жабылып қала ма деп қорқамын”, – деді ол.
Шыңғырлау ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі іс бойынша тергеу әрекеттері толық жүргізілгеннен кейін шешіледі.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған