Батыс Қазақстанда киік еті өңделеді
Фото: Видеодан скрин
Батыс Қазақстан облысындағы ет комбинаттары киік етін өңдей бастайды. Өңірде мұндай алты кәсіпорын бар. Ең ірі зауыт Орал қаласында. Қалғандары Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы уақытта өңірде дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жалпы табынның 20%-ын, яғни 460 мың басты аулау жоспарланған. Киік аулаумен "Охотзоопромның" төрт бригадасы айналысады.
“Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандарттарды бекітті. Біз консерві өндіріп, оларды дүкендерде сата аламыз. Барлық қажет рәсімдер орындалды. Сондықтан біз өңдеуге басты назар аударамыз”, – деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.
"3,9 миллион басқа жетті": Қазақстанда киіктер атылады
Қазақстанда шамамен 800 мың киік атылмақ
Бұған дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде киік етінің шұжықтарының өндірісі іске қосылғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен