Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда жүкті болып қалған жасөспірімдердің саны көбейіп жатыр

Атырау облысында соңғы төрт жылда сегіз жүзге жуық жүкті жасөспірім қыз анықталды. Дәрігерлер ерте жаста бала көтерген қыздардың санының өскеніне алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: emhana5.kz

Телеарнаның мәліметінше, жасөспірім кезде жүкті болған қыздардың жартысы баланы дүниеге әкелсе, 45-і түрлі себептермен жасанды түсік жасатқан. Былтыр 127 оқушы есепке алынды. 

2021 жылы бұл көрсеткіш қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Төрт жыл бұрын 200-ге жуық оқушы қыздың жүкті екені анықталған еді. 

“Жасөспірім қыздар көбіне ата-анасынан қорқып, түсік жасатады. Бірақ мұның салдары ауыр болады. Біріншіден, әйелдің репродуктивті ағзалары: жатыр, түтіктер мен аналық бездер қабынады. Екіншіден, бұл бедеулікке әкелуі мүмкін”, – дейді Әйгерім Қайратқызы.

Физикалық мәселелерден бөлек, жаңа туған аналардың психикалық денсаулығына зақым келуі мүмкін. Жасөспірім өзінің жағдайына байланысты қоғамға бейімделе алмайды. Моральдық және материалдық қиындықтар да кері әсерін тигізеді.

“Қыз әкесіз өссе, ол әке махаббатына зәру. Ол бұл жылуды басқа адамдардан, еркектерден іздейді. Ересектер алдап, өз дегеніне қол жеткізеді. Бірақ соңында қыз жалғыз қалады", – дейді психолог Гүлвира Нұрсұлтанқызы.


  • "Анасы 20 жас үлкен еркекке күйеуге беріп жіберген": Жамбыл облысында қызды нағашы ағасы 13 жыл бойы зорлап келген

Батыс Қазақстанда барлығы жеті жарым мыңнан астам әйел қиын жағдайда. Олардың арасында жасөспірім болашақ аналар да бар. Көбіне Жылыой ауданы мен Атырауда жасөспірімдердің жүкті болу фактілері жиі тіркеледі.

Бұған дейін Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт 15 жасар жасөспірімге үйленіп, жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталған еді. 

Талқылау