AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда әкім винтовкамен көшеге шығып, иттерді атты (видео)

Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі Хафиз Ахметов көшеге шығып үйсіз иттерді винтовкамен атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде күндіз жанармай құю бекеттерінің бірінде иттерге оқ атқан шенеуніктің видеосы тарады.

Куәгерлер бұл иттер үнемі жанармай құю бекетінің маңында жүретінін, ешкімге зияны жоқ екенін айтады. 

Хафиз Ахметов видеодағы адам өзі болғанын растады. Бірақ қолында атыс емес, пневматикалық қару деп отыр. Ол иттерді ұйықтатып, чип қою үшін ветеринарлық станцияға апарғысы келген.

"Ақыл-есі бар адам жанармай бекетінде атыс қаруын қолданбайды ғой. Ешкім иттерді өлтіргісі келмеді. Оларға оқ тиген жоқ, әлі де сол бекеттің маңында жүр. Біз бекет қызметкерлерінен иттерді чиптеп, стерильдеуін бірнеше рет сұрадық. Өйткені тұрғындардан шағым түсіп жатыр. Бірақ қызметкерлер біздің өтінішімізді елемейді", – деп түсіндірді Хафиз Ахметов.

Шенеунік мылтықты таныстарынан алғанын айтты.

Сонымен қатар БҚО полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізілетінін хабарлады. Нәтижелер туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр