Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы 23 ауылға таза ауыз су жүргізілді

Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс елді мекенінде таза ауыз су берілді. Ауыз су Нұрлы жер бағдарламасы аясында жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су

Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Рүстем Зұлқашев 23 ауылға ауыз су жүргізілгенін айтты. 

“25 мыңға жуық адам немесе халықтың 85% таза ауыз сумен қамтылып отыр. 2021 жылы жалпы құны 262 миллион теңгеге тең Жалпақтал ауылындағы екінші су көтергіш станциясы жаңартылып, іске қосылды. Мұның барлығы халық игілігі үшін жүргізіліп жатыр. "Судың да сұрауы бар" дейді дана халқымыз. Тіршілік нәрін ысырап қылмай, мақсатты пайдалана білсек, сарқылмас байлығымыз су қорының да бірнеше жылға жеткілікті болары сөзсіз. Мәселен, төрт-түлікті суару, шаруашылыққа қажетті суға техникалық су және көбік суларын пайдаланып, ауыз суды мақсатты пайдаланар болсақ, ұтылмасымыз анық”, – деді аудан әкімі.

Қоныс ауылында бүгінде 298 тұрғын таза ауыз сумен қамтылды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Жауапты "QazConstructions" ЖШС компаниясы жұмыстарды уақытында аяқтады. 

Талқылау