Батыс Қазақстан облысында жеті бала ұшынып, ауруханаға түсті
Оралда бір үйдің төрт баласы ұшынып, ауруханаға түсті. Олардың ең кішісінің жасы 1-де, үлкені 11-де. Ата-аналары балаларының қарбыздан ұшынғанын айтады. Дегенмен дәрігерлер қойған диагноз мүлде бөлек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Бірақ дәрігерлер мұны теріске шығарып, "өткір гастроэнтероколит" деген диагноз қойған. Бұған бүлдіршіндерден алынған талдау нәтижесі себеп болды дейді.
“Эпиданамнез жинағы бойынша ол 9-ы күні желінген қарбыз. 12-сі күні олар келіп қаралды, демек оның қарбызға ешқандай қатынасы жоқ. Мына жерде "ішек инфекциясы" дейді, соған байланысты бүгінгі таңда біз зерттеу өткізіп жатырмыз. Бактериялық зерттеуден кейін қандай қоздырғыш екені табылады ”, – БҚО Жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.
Бұдан бөлек жазғы лагерде демалып жатқан үш оқушы қыз да тамақтан ұшынып, ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, 15 және 16 жастағы жасөспірімдер қатарластарымен бірге құрбысының туған күнін тойлаған. Сол кезде түрлі тәттіден ауыз тиіпті. Дәрігерлер оларға да "өткір гастроэнтероколит" диагнозын қойған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
