Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында ұлттық жоба аясында 12 медицина нысаны салынып жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан Батыс Қазақстан облысындағы медициналық объектілердің құрылыс жұмыстарының барысын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық жоба алдағы екі жылда 655 медициналық объекті салуды көздейді.

Мәселен, 2023 жылға 99 медициналық объекті салуға қаражат бөлінді.

Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл тұрғыны медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтылады, МСАК қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақтылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың профилактикасы қамтамасыз етіледі.

Биыл БҚО-да құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 12 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Бұлар Бөрлі ауданының Аралтал, Бәйтерек ауданының Асан, Казталов ауданының Бостандық, Теректі ауданының Сарыөмір ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ Теректі ауданының Барбастау, Жәнібек ауданының Жақсыбай, Казталов ауданының Қараөзен, Жаңақала ауданының Қызылоба, Бөкей ордасы ауданының Мұратсай, Сырым ауданының Өлеңті, Жәнібек ауданының Қамысты, Бәйтерек ауданының Новенький ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер.

Талқылау