Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілді: Саябақтар мен храмдар қайтадан жабылды
Батыс Қазақстан облысы 15 маусымнан бастап қатаң карантин режиміне қайта оралады: өңірде халық көп жиналатын банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, еске алу, салтанатты басқосуларды және өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты 06:00-ден 21: 00-ге дейін шектелді.
Төмендегі объектілердің қызметі тоқтатылды:
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілген);
- қалалық демалыс саябағының, ойын-сауық объектілерінің;
- кинотеатрлардың, ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аула алаңдарынан басқа);
- түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальян орталықтары, букмекерлік кеңселер;
- балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер;
- кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;
- діни нысандар.
Дүкендер, ауруханалар, банктер, ХҚКО және басқа да мекемелер қалай жұмыс істейді?
- 9:00-ден 16:00-ге дейін - медициналық-әлеуметтік мекемелер, түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары;
- 9:00-ден 18:00-ге дейін - банктік қызметтер;
- 9: 00 ден 22:00 дейін - азық-түлік дүкендері;
- 10:00-ден 16:00-ге дейін - нарықтар;
- 10: 00-ден 18:00-ге дейін - ХҚКО, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар, сұлулық салондары;
- 10: 00-ден 20:00-ге дейін - сауда объектілері;
- 10:00 ден 22:00 дейін - мейрамханалар, барлар, дәмханалар, асханалар, сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар;
- 12:00 - ден 20:00-ге дейін - фитнес-орталықтар, СПА-салондар
2020 жылғы 20 маусымнан бастап балаларға арналған объектілерді қоспағанда, сауықтыру және санаториялық объектілердің (объектінің жобалық қуатының 50%-нан аспауы керек) жұмысына рұқсат етіледі.
Талқылау