Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында ірі қара белгісіз дерттен қырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында шаруалар ірі қараның белгісіз дерттен қырылып жатқанын айтып, дабыл қақты. Олардың сөзінше, қазірге дейін 100-ге жуық жануар арам өлген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ірі қара
Белгісіз ауруды жұқтырған ірі қара ақсаңдап, үстінде ісік пайда болады екен. Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін қарасанға қарсы вакцина жүргізілген. Олар ауру осы екпеден пайда болуы мүмкін деп отыр. Ал кей сарапшылары белгісіз індеттің тарауына киіктерді жаппай ату себеп болғанын мәлімдеді.

Ал облыстық ветеринария басқармасының мамандары Бөрілі ауданда өлген малдың саны 10 екенін айтады. Әуелі 7 бас қырылыпты, соның 3-нен сынама алынған. Алайда ірі қарадан қарасан да, сібір жарасы да табылмады дейді. 

“Ол 8-10 күн ішінде шығады. Тап сол қарасан ауруынан болды деп зертхана қорытындысынсыз айта алмаймыз. Мал ауырып өлді деген күдік болған кезде дәл қай ауру екенін мал дәрігері айтады, соған қатысты тексеріп, сосын сібір жарасы секілді ұқсас ауруларды да қарайды. Ол тек бір ауруға тексермейді”, – деді БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Кенжебек Аймашев. 

Талқылау