Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында екі бүлдіршін құдыққа құлап, қаза болды

Батыс Қазақстан облысында екі кішкентай бүлдіршін құдыққа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болған.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 15:00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен.

Бүлдіршіндердің денесін сағат 18:30-да жергілікті тұрғындар шығарып алған.

БҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінді.

Бұған дейін Алматыда үй өртеніп, екі адамның көз жұмғаны хабарланған.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2020 13:23
Талқылау