Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Батырлардың еңбегі қашан бағаланар екен": Желіде Астанадағы ірі өртті сөндірген қызметкерлердің суреттері қызу талқылануда

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанада болған ірі өртті сөндірген қызметкерлердің фотосуреттерін жариялады. Жұртшылық желідегі суреттерді қызу талқыға салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ТЖМ

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан кадрларда өрт сөндірушілердің кәсібінің күрделілігі мен олардың ауыр жұмыстан кейінгі жай-күйлері нақты көрсетілген.

Фото ТЖМ

Бұл суреттер желіде де таралып, көпшіліктің назарын аударып қызу талқыға түсті. Көпшілік елімізде өрт сөндірушілердің еңбегі дұрыс бағаланбай жатқынын алға тартты. 

Фото ТЖМ

“Осы от ортасында жүрген өрт сөндірушілерге бір баспана берілмейді. Батырлардың еңбегі қашан бағаланар екен?”, “Жандарым-ау сіздерге денсаулық тілеймін”, “Нағыз батырлар арамызда жүр, басымды иемін. Пәтер беріп, жалақыларын көбейту керек”, “Міне кімдердің жалақыларын көтеру керек”,



“Не деген еңбек. Қарапайым адам мына аптап ыстықта көшеге шыға алмай отыр. Ал жігіттер ыстыққа қарамай, ауыр жұмыс киімдерімен, жалын арасында жүр. Оларға жалақыны көтереді деп тек құр уәде береді”, “Бізде тек біреу мерт болса ғана кейін еңбегі еленеді”, – деп бөлісті желі қолданушылары.

Еске салсақ, 22 маусымда Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден ірі өрт шыққан еді.

Талқылау