Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшыны нокаутпен ұтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) шаршы алаңдағы жиырма үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.

Айта кетейік, Жүкембаев үшін бұл – кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғауы. 

Талқылау