Автокөлікті 15% бастапқы жарнасын төлеп, 4% мөлшерлемемен қалай тиімді сатып алуға болады
JAC компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясына кіретін JAC Motors Qazaqstan автонесиелеу бағдарламасын бастады.
27 мамырдан бастап Қазақстанда JAC автокөліктерін 15% бастапқы жарнасын төлеп, жылдық 4%-дық мөлшерлемемен 7 жыл мерзімге сатып алуға болады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 4,1%.
Бұл бағдарламада брендтің ең танымал екі моделі бар:
JAC J7 – былтырдың сәнді бестселлері. Бұл көлікті қазақстандықтар өзінің дизайны мен практикалық қасиеті үшін жақсы көреді. 2024 жылы 4 мыңнан астам қазақстандық осы модельдің иегері атанды. Ыңғайлы лифтбек 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш және үздіксіз ауыспалы беріліс қорабымен жабдықталған.
Құны 9 290 000 теңгеден басталады
JAC S3 Pro – халық көлігі. Қозғалтқышты күрделі жөндеусіз, миллион шақырым қашықтан астам жүріп өткен модельдер бар. Алдыңғы жетекті қалалық кроссоверге 1,6 литрлік атмосфералық қозғалтқыш және үздіксіз ауыспалы беріліс қорабы орнатылған.
Құны 8 590 000 теңгеден басталады
"Қазақстанның автокөлік одағы" мәліметінше, 2024 жылдың соңына қарай JAC бренді 11 мыңнан астам көлік сатып, Қазақстандағы автокөлік нарығы көшбасшыларының бестігіне енді.
JAC 2015 жылы Қазақстан нарығына ресми түрде енген алғашқы қытайлық автоөндірушілердің бірі болды. Содан бері бренд ел нарығындағы орнын белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінде оның дилерлік желісінің 19 қалада 33 орталығы бар. Бұл автокөлікті сатып алу және одан әрі қызмет көрсету процесін жеңілдетеді.
Ресми арналар арқылы сатып алынған барлық JAC көліктері 5 жыл мерзім немесе 150 000 километрлік зауыт кепілдігімен беріледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін JAC Motors Qazaqstan ресми сайтына кіріңіз немесе 757 нөміріне қоңырау шалыңыз.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
