Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастамашылар қатысудан бас тартқан: Утиль алым туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпей қалды

Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының отырысы оның бастамашыларының қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтуге тиіс еді.

Оның құрамына парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп саласының өкілдері, сондай-ақ утиль алымын жоюды жақтаушылар Боқаев, Кулбасов, Макешов, Салықов және басқа да азаматтар қосылды.

Министрлік барлық мүдделі тарапты шақырып, жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажет ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты – стратегиялық нысанның бару регламентінде келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге ала алмайтыны және оны кіре берісте қалдыруы көзделгенін айта кеткен жөн. Алайда өтініштің бастамашысы С.Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты.


 

"Халықтың бетіне түкіретін заман емес": Депутат Зайытов утиль алымына қарсы шықты


Осыған байланысты өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне байланысты емес себептер кесірінен отырысты өткізуді тоқтатуға тура келді.

"Отырысқа қатысу үшін парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық. Өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, министрліктің оған жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді", ― деді өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік алдағы уақытта конструктивті диалогты күтетінін атап өтті.

Еске салайық, 24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымы, қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петиция 50 000 қол жинап, үкіметте қаралатынын жазған едік. 

Талқылау