Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бассейндердегі адамдардың саны қадағаланады: Есмағамбетова шомылу маусымына арналған талаптарды түсіндірді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды шомылу маусымындағы шектеулерге дайын болуды ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аквапарк

Сөзінше, бүгінгі күні санитарлық дәрігерлер жағажайда немесе аквапарктер мен бассейндерде ауру жұқытрып алмас үшін бірқатар шаралар қабылданған екен. 

"Бассейндердің ашылуы қарастырылған. Бірақ бұған да қойылатын талаптар бар. Хауыздарда шомылып жүрген әрбір адамға бес шаршы метрден кем емес аумақ бөлінуі шарт. Бұл шомылушылардың арасында әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді", - дейді Есмағамбетова.

Бұған қоса ол бассейннің аумағына байланысты онда келушілердің санына шектеу қойылатынын атап өтті. Яғни бассейнге түсуге адамдар кезекпен, топтастырылып жіберіледі екен. 

"Аквапарктер мен жағажайларда жағдайды бақылау әлдеқайда қиынға соғады. Бірақ біз бассейндердегі шезлонгтар әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп орналастырылуын талап етеміз. Жағажайдың ауқымдылығына байланысты шомылушылардың саны қадағаланады", -деп қосты бас санитар дәрігер. 

Бұған дейін Ламатыда фитнес-орталықтары мен бассейндер қашан ашылатыны айтылған болатын.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр