"Баспаналарын 2 жыл бойы күткен": Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін қалтаға басқан құрылыс салушылар ұсталды
Атырау облысында үлескерлердің қаражатын заңсыз иемденді деген күдікпен екі бірдей құрылыс салушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Атырау қаласының прокуратурасы құрылыс салушылардың заңсыз қызметін тоқтатты. "Nazik group" ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшылары тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Күдіктілердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан үлескерлер 2 жыл бойы баспана ала алмаған.
Серіктестіктердің құрылтайшылары сот санкциясымен қамауға алынды.
"Әрбір азамат қырағы болуы тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет",- деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Талқылау