“Баспана Хит” бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады?

«Баспана Хит» бағдарламасы шынымен де хитке айналды. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ мәліметінше, ұйымның колл-орталығына күн сайын жүздеген қоңырау түседі екен. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жолданып жатқан сауалдар саны да есепсіз, деп жазады Stan.kz.

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады?

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды қызықтыратын сұрақтар туралы білген ипотекалық ұйымның басшысы Қайрат Алтынбеков азаматтарға ипотекалық бағдарламаны таңдау барысында көмекке келетін 3 тезиске бар ойын сиғызды.

Алтынбековтың пікірінше, жаңа да, ескі үй де иеленуге жарайды.

«Баспана Хит» жаңадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер сіз пәтерді жаңа салынған үйлер нарығынан сатып алғыңыз келсе және басыңызда тіркелген үй болмаса 7-20-25 бағдарламасына назар аударуға кеңес берер едім. Ал атыңызда үй болса, онда сіз 7-20-25-ке қатыса алмайсыз. «Баспана Хит» бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіңізде пәтер бола тұра жаңа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуға болады. «Баспана Хиттың» жалғыз ғана шектеуі – өтелмеген басқа ипотекалық кредитіңіз болмауы тиіс», – дейді ипотекалық ұйым басшысы.

Сонымен қатар ол  клиент үшін пайыз үстемесі өзгермейтінін айтты. Бүгінде «Баспана Хит» бағдарламасының номиналды үстемесі жылына 11%-ды құрайды екен.

«Үстеме Ұлттық банкінің базалық ставкасына тікелей байланысты, тек оған 1,75 пайыз қосылады. Бүгінгі күні Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25%-ды құрайды. Демек, соған 1,75%-ды қосамыз да, 11% мөлшеріндегі қорытынды үстемені аламыз. Мысалы, егер ертең Ұлттық банктің базалық ставкасы 6 пайызға түссе, Баспана Хиттың жылдық пайызы 7,25%-ды құрар еді. Мұндай жағдайда бізге мынадай сұрақтар көп түсуде, азаматтар «Баспана Хит» бойынша кредит алып қойғаннан кейін оны өтеу барысында жылдық ставка өзгеріп кетпей ме деп алаңдап жатады. Жоқ, шарт жасалған кезде көрсетілген ставка сол ипотека төленіп біткенше өзгермейді», – дейді Алтынбеков.

Сондай-ақ, аталған ұйым басшысы «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредитті қайдан алуға болатыны туралы сұраққа жауап берді.

«Бүгінде біз «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі бес банкпен қосымша келісімге отырдық. Олар «Цеснабанк», «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», BankRBK және «Еуразиялық банк». Жуырда тағы екі банк қосылады деп отырмыз. Осылайша Қазақстанның 7 ірі банкі сіздерге «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруге дайын», – деп түйіндеді ипотекалық ұйымның басшысы Қайрат Алтынбеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

ЦентрКредит Банкі «Жалақы жобасы» атты бірегей бағдарламаны іске қосты

Бұл өнімнің бұған дейінгі ұқсас бағдарламалардан едәуір айырмашылығы бар

Сотталған экс-премьер-министр Ахметов жазасын шартты түрге ауыстыруды сұрады

Ол 10 жылға сотталып, бір жарым жылдан кейін түрмеден бостандығы шектеліп босап шыққан еді

"Сыра әкелуге жүгірдім": Беларусь президенті Назарбаевпен достығы туралы айтты

Лукашенко: Кейде балағаттап жіберіп, ұрысып қалатынбыз

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген
Çàãðóçêà...