Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қазақстандық вакцинаның басқаларынан артықшылықтарын атады

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады. 

Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз болып табылады. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус. 

"Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда қолданылып келеді. Олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық", – деді биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов. 

Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр