AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа таңдауымыз жоқ": Түркістан облысында ауыл тұрғындары кәріз суын ішуге мәжбүр

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары кәріз суын тұтынуға мәжбүр. Бес жыл ішінде аудандағы кәріз желісі толып, су Қайнарбұлақ өзеніне қосыла бастаған. Ал ауыл тұрғындары әлі күнге дейін өзен суын тұтынуға мәжбүр. Себебі ауылда орталық су құбыры тартылмаған. Тұрғындар қазір елді мекенде ауруға шалдыққандар санының көбейгенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business арнасына сілтеме жасап. 

су

Тұрғындардың сөзінше, мәселе 10 жылдан бері шешілмей келеді екен. 

"Кәріз желісіндегі қоспа мен суды ішуге мәжбүрміз. Балалар мен қариялар ауырып, мал қырылып жатыр. Балаларға ауруханада "уланған" деп үйге қайтарады", – деп шағымданы ауыл тұрғыны Нуриддин Қасымбеков. 

"Ауылға келгендер суды ішпейді, жағымсыз иісі бар деп айтады. Ал бізде таңдау жоқ: барымыз осы", – деп қосты Ұлықбек Райымшихов. 

Кәріз желісі арқылы күнделікті 50-ден аса көпқабатты үй мен коммуналдық мекеменің қалдығы төгіледі. Ауыл тұрғындары бұл туралы барлық мекемеге шағымданғандарын айтады. Тіпті мәселені шешу үшін 2017 жылы 790 миллион теңге бөлініп, тазарту ғимараты салынуы керек болған. Мердігер анықталған, алайда 2019 жылы тазартуды бастауы керек нысан әлі іске қосылмаған. 

“Нсыанда орналасқан құрылғыны мердігер ұйым іске қосуы керек, алайда әлі іске қоса алмай отыр. Бүгінгі таңда сот процессі жүріп жатыр”, – деді Сайрам ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Шыңғыс Жаманқұлов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр