Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым": Баян Алагөзова жеке өмірін өзгерткен оқиғаны есіне алды

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жеке өміріндегі ауыр кезеңді есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Арт-менеджер журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, ағынан жарылды. 

“Мен құдайдан махаббат сұраған адаммын. Ажырасқаным үшін құдай менің жазамды берді. Мен оны қабылдадым. Сол қанды оқиғадан менің тірі қалуым 20 пайыз еді. Менің жағдайыма тап болған, менің күйіме түскен әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым. Денсаулығымды ретке келтіру үшін бес жылға жуық уақыт керек болды. Ешқашан өткенмен өмір сүрген емеспін. Тіпті, кешегі шоу-мюзиклдің де қалай өткенін, қанша ақша түскеніне бас ауыртпаймын. Сол сәтте өтті, кетті. Бұрынғы жеке өмірімді де есіме алғым келмейді. Мені құтқарған – махаббат”, – деді продюсер. 



Одан кейін марқұм әкесінің сөзін де есіне алып, аяқтан тұруына себеп болғанын жасырмады. 

“Менің әкем ешқашанда маған ақыл айтқан емес. Ол менің өмірімді көріп жүрді. Қанша көңілі толмаса да, білдіртпейтін. Екінші өмірімді бастағанда “Менің қызым бақытты болып жатыр” деді. Ауруханада жатқанда да “Қызым, мұның не?!” деп сұраған емес. Анам қатты жылап, менің түрімді көріп, аямады. Сол кезде “Мені аямаңдар!” дедім. Мен осы жолды таңдадым, аяғына дейін күресемін” дедім. Сол кезде әкем, “Әрқашан сенің жағыңдамын” деп қолдау білдірді”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынаған еді. 

Талқылау